Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тексеру жүргізген. Бұл айыппұл сапаны жақсарта ма? Жауаптылар не дейді, тұрғындар пікірі қандай? Тілшіміз Арайлым Қанатқызы жауап іздеді. Арайлым ҚАНАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Сәлем! Құрбым, қалайсың? Жақсы! Өз-ззззззззз. Тағы байланыс нашарлады. Алыстағы құрбыммен қауқылдасып, жағдайын білейін деп едім. Енді дыбысты хабарлама жіберейін. Құрбым жағдайың жақсы ма? Бұның өзі әлі бармай тұр. Мен секілді мобильді интернеттің сапасына көңілі толмайтындар көп. Елорда тұрғындары 5G қосылғаны туралы естігені болмаса, әлі рахатын көре қойған жоқ. Қаланың көп аумағында интернет жылдамдығы өте баяу. БЛИЦ-Сауалнама: -Тарифтер қымбаттап жатыр+ качествосы онша ұстамайды. - Бағасына тоже сәйкес келмейді. -Өте қымбат - Қазір енді сапасы төмендеді кішкене. -Нашар қазір интернет + кейбір районда ұстамайды. Министр осыдан бірнеше ай бұрын интернет сапасының нашарлығының себебін, тариф құнының арзан екендігімен байланыстырды. Қолданушылар интернетте үнемі отыратындықтан арзан бағамен көп трафик жұмсау үлкен жүктеме көрінеді. Ми¬нис¬¬тр-дің сөзінен кейін ұялы байланыс оп嬬рବ¬¬торлары тариф құнын бірден көтеріп жібер¬ді. Биыл ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспары бойынша баға 7,7%-дан 57,3%-ға дейін өскен. Ал оны бақылау министрліктің құзыретіне кірмейді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тек интернет сапасын тексереді. 2023 жылы ұялы байланыс операторларына 782 тексеру жүргізіп, сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3 миллиард 288 миллион теңге айыппұл салды. Алайда бюджетке «заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып» барлығы 1 млрд 644 млн теңге төленген. Жауаптылардың айтуынша, айыппұлдың өсуі операторлардың көрсететін қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға ықпал етуде. 2022 жылы министрлік екі есе көп тексеру жүргізіп 1,6 млрд теңге сомаға айыппұл салды. 2021 жылы 562 тексеру нәтижесі бойынша байланыс операторларына 264 млн теңгеге, 2020 жылы – 47,8 млн теңгеге айыппұл салынған. Көңілім-қош КАЛИМОВ, ҚР ЦДИАӨМ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫ: Өткен жылы радиожиіліктерге талдау жасадық. Қаламыздағы кей аудандарда интернет желісінің болмауы ол тұрғын үйлердің үстінен 68 проблемалық ақ нүктені анықтадық. Солармен жұмыс жасаудамыз. Тексерістен бөлек, ұсыныс жұмыстарын да жүргіземіз. Министрліктің айтуынша, тексеру жүргізген сайын мобильді интернет сапасы жақсарып келеді. Олардың сөзін мамандар да қолдайды. Біржан ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ, IT МАМАНЫ: Соңғы осы Speedtest-ің дерегі бойынша 33,9мбит/с көрсеткішін беріп тұр. Бұл бізде өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Байланыс операторлары тұтынушылар тарапынан қызмет сапасына қатысты сын көбін жоққа шығармайды. IT мамандары мобильді тариф сапасының жақсарғанын айтып жеткізсе де, жергілікті халық бағасына риза емес.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады