Ұялы байланыс тарифі 59 пайызға қымбаттаған. Құны жыл санап емес, ай санап өсіп келеді. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев өзінің депутаттық сауалында осылай деді. Ол ұялы байланыс операторларына заңнама талаптарын күшейту керек деп ұсыныс тастады. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Тарифтердің былайша жөнсіз көтеріле беруіне, біріншіден, заңның жұмсақтығы себеп болса, екінші жағынан - операторлардың нарықта монополиялық жағдайды иемденуіне байланысты.