Әлеуметтік желі қолданушысы Әсел Кәрім Алматыдағы автобустардың бірінің төбесі тесік екенін, жаңбыр кезінде жолаушыларға су аққанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның сөзінше, оқиға 70-автобуста болған. "Бүгін сағат 16.00-17.00 барахолкадан қайтқанда қатты жауын жауды. Бекеттегі адамдар тоқтаған автобустарға отырды. Өзім де осы автобусқа кіре салғам. Даладағы жаңбыр бір бөлек, ал енді қызықтың бәрі автобустың ішінде. Шатырынан су сорғалап аққанда, далада үстім су болғаны аздай басымнан бастап төбемнен су құйылды. Ойбуй, не боп қалды, деп өзім түсінбей, шошып кеттім. Қарасам автобустың жартысы солай суы сорғалап тұр. Киімде сау жер қалмады. Отыратын орындықтар, басқа адамдар да су. Мына кісілер қолшатырларын ашып осылай отырды", - деп жазған ол желіде.Сондай-ақ, ол мұндай жағдай күзде қайталанса, тіпті қиын болатынын жеткізген."Мәссаған, ішім күйіп, бұл жердің асты да, үсті де неше-түрлі қазбаларға толы, бай мемлекетте. Алматы әкімшілік, қандайсыңдар сендер? Ұят жоқ сендерде! Бастарыңда откат пен шапка...Шатыры бүтін, су ақпайтын автобус алсаңдар қайтеді? Саусақтарың тиген жерде жемейсіңдер емес жейсіңдер. Бүгін жаз айы, бірақ салқын жаңбыр жауды. Біз жаурадық. Күзде тіпті суық болады. Далада жаңбыр жауса, автобуста төбемізден су ақса, оңай емес", - дейді ол.