"Ұят тірлік істемедім": Айниязов өзін гендер-пати жасағаны үшін сынағандарға жауап берді

Қазақстандық дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов желіде өзін гендер-пати жасаған үшін сынға алған жандарға жауап берді. Бүгінде үшінші сәбиін күтіп жүрген әртіс бұл әрекетін ерсі деп санамайды. Бұл туралы жазады KAZ.NUR.KZ. Ерлі-зайыпты отбасындағы қуанышын бірден халықпен бөлісіп, ел алдында гендер-пати жасаған болатын. Алайда бұл жайт кейбір желі қолданушыларына ұнамай қалған. Олар әншіні бұл әрекеті үшін сынап тастады. Өнер иесі аталмыш шараны не үшін жасағанын түсіндіріп, өзіне сыни пікір жаудырған жандарға жауап берді. "Менің айналамның тең жартысы – жастар. Гендер пати дегенді бұрын-соңды естімеппін. Өзімнің көмекшім мен ұлымның идеясы болды. Менің байқағаным, бұл мереке балалар үшін қызық екен. Ұлымның төрт баласы мен қарындасымның үш баласын, көршінің балаларын түгел жинадық. Балалар қатты қуанды. Солар шар жарып, көк түтінді үріп мәз болды. Үлкендерден гөрі балаларға қызық екен. Одан кейін заман ағымына қарай ілесіп жүргенді жөн санаймын. Ерте қартайып тұрғаным жоқ. Жастарды тыңдап, солармен кеңесіп жүремін. Халық сонша жаман пікір жазатындай шалыс басқан жоқпын. Ұят тірлік істемедім", – деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
8 жастағы астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Түркістанда «Kultobe» медиа студиясы ашылды
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды