Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, үйді жалға алу бағасы арзандап келеді. Бір айда (2023 жылғы қаңтар-2022 жылғы желтоқсан) жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,7 пайызға, пәтерлерді қайта сатуға 0,3 пайызға өсті. Ал жалдау ақысының төмендеу үрдісі жалғасуда. Қаңтарда өткен аймен салыстырғанда орташа баға 2,5 пайызға төмендеді, Бұл ретте 1 жыл ішінде (2023 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы қаңтар арасы) қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 18,7 пайызға, жаңа тұрғын үй сатылымы 14 пайызға өсті.