Үйді салған дұрыс па, алған дұрыс па?

Жұрт ай бетіне үй салып жатыр. 2040 жылға дейін құрылыс аяқталады деген жоспар бар. Өзгелер аспанды армандай бастады. Ал, біреулер елде баспана салатын жер таппай жүр. Бір ғана Астананың өзінде учаскіге кезекке тұрғандардың саны қала мүмкіндігінен 20 есе асып кеткен. Амалы таусылған халық «енді жаппай айға көшеміз» деп отыр. Одан басқа шара жоқ, -дейді. Өйткені, елде құрылыс материалдарының құны да шарықтаған. "Өз үйім - өлең төсегім" дейтіндер енді не істейді? Аружан Задабек тақырыпты тарқатады. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Менің де Астанада тұрып жатқаныма 5 жылдан асты. Маған да Астанадан үйлі болу бақыты бұйырса екен деп, бүгін құрылыс материалдарының бағасын көруге келдім. Бірақ, шынымен де, үй салу үлкен қажыр-қайратты, оны есептемегенде үлкен қаражатты қажет ететін секілді. Базар іші қызған тіршілік. Шеге мен шелектен бастап шаруаға қажеттінің бәрі бар. Қаражатыңа қарай қарекет қыласың. Абылайхан БЕКАЙДАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: - Не алып жүрсіз? – Цемент. – Қай жақтан салып жатсыз үйді? – Талапкер. – Қиын емес па екен үй салу? – Қиын негізі. Жердің өзі 1,5 миллион шығар соттығы. Үй салудан бұрын, құрылыс материалдарының бағасын бағамдап алған жөн. Бір жылда олардың құны екі есе өскен. Нақтырақ, тас 30 процентке, тазартылған мұнай өнімі 25 пайызға қымбаттаған. Бұдан бөлек, әк, гипс және бетон, құм, саз бен цементтің де арзанын табу қиын. Жандос, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жер үй салайын десең невыгодно. Екі есе, үш есе шығып кетеді бағасы. Материал масқара қымбат қазір. Құрылыс материалдарының құны, әсіресе, Астана мен Қарағанды қалаларында көтерілген. Ұлытау, Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысында да бағаның шарықтағаны байқалады. Хош, үй салар кезде жұмысшы табу да үлкен мәселе. Бастапқыда мән бермеуіміз мүмкін. Бірақ кірпішіңнің қалай қаланатыны құрылысшыға байланысты. Бізде баспана салатындардың көбі, жұмысшыларды көрші мемлекеттен алдырамыз, - дейді. Арайбек, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жұмысшыларды қайдан алдырып жатсыз? – Өзбекстаннан. – Неге? – Олар арзан істейді. – Қазақ жігіттері қымбат сұрай ма? – Иә. Бағаның өскенін кәсіпкерлер де мойындайды. Бекнұр ШАРІПОВ, КӘСІПКЕР: Жыл сайын 100-200 теңге қосылып тұрады. Ол андай қатты қымбаттау, арзандау емес. Фирмаға байланысты ғой. Ас-су ішпесек те үйді үйтіп-бүйтіп тұрғызармыз. Бірақ одан кейін оның ішкі жұмыстары басталады. Сылағы мен бояуы, түсқағазы тағы бар. Төлеутай БЕЙСЕМБАЕВ, КӘСІПКЕР: Цементке, құрылыс сместерге баға өсіп жатыр. Тоқтаусыз өсіп жатыр. Біз әңгімені әріден бастап кеткен секілдіміз. Негізі үй соғатын адамның алдынан кезігетін бірінші мәселе - жер алу. Ақшасын былай қойғанда, алаяқ көп. Қазір үй сатамын деген адамды мың шоқып, жүз қарау керек. Бір жерді он адамға сатқандар туралы жиі естігеніміз сонша, таңқалмайтын болдық. Арыстан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Астана көлемінде жер алу қымбат болып кетті. Алып алған адамдар қымбатқа сатып жатыр. Астанада бос жатқан жер жоқ. Сондықтан 2007 жылдан бері тұрғындарға жеке учаскі берілмейді. Ал кезекте 250 мыңға жуық адам тұр. ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ: Жеке тұрғын үй құрылысы үшін қалада жер учаскелерін беру көзделмейді. Қала әкімдігі елорда тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көппәтерлі тұрғын үй кешендерін, оның ішінде әлеуметтік тұрғын үй салу арқылы шешеді. Иә, үй сатып алу оңай емес. Жүйкеңізді тоздырары белгілі. Бірақ «өз үйім - өлең төсегімнің» жырын жырлауға не жетсін! Біз атаған сатылардан сүрінбей өтіп, үйлі болсаңыз, қоныс тойға шақырыңыз!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 6 жасөспірім ұсталған
Ақтаудағы әуе апаты: Ұшқыштар мен диспетчерлердің соңғы диалогі тарады
29 жастағы қазақстандық Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
Елдос Сметов “Жылдың үздік дзюдошысы“ шорт-парағына ілінді
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға арналған заңға түзетулер әзірленіп жатыр – Әшімбаев