Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева немересі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Өнші бұл туралы "Мархабат" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Оның айтуынша, "Кезінде достарым немерелерін ертіп жүргенін көрсем, ұрысып тастайтын едім. "Немере сенің балаң емес, өзінің әке-шешесі бар, сені оны бағуға міндетті емессің" деп ақыл айтып жүруші едім. Сол кезде: "Рымбаева, басыңа келеді, немерелі болғанда түсінесің" дейтін. Олардың немерелеріне махаббаты өтірік деп ойлайтынмын. Қазір сол сөзім үшін ұялып, достарымнан кешірім сұраймын. Жасың ұлғайған сайын балажан болады екенсің. Періштемді көргенде бәрін ұмытамын. Әже болудың сәні де немере бағу екен. Одан кейін, балаларым жас отбасы болған соң оларға көмектескім келеді. Бала күтуде тәжірибелері жеткіліксіз болып жатады. Сол кезде қолдау білдіремін. Әке-шешесі қыдырып кеткенде үйде бала бағып та қалатын мен. Менің мақсатым - немереме барлық күшімді, білімімді, тәрбиемді беру", - дейді Роза Рымбаева.