Жетісу облысы Көктал ауылында жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Үй иесі - 28 жастағы келіншектің айтуы бойынша аузы-басын тұмшалаған екі белгісіз ер адам үйге басып кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.Белгілі болғандай, әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап етіп, тұншықтырған. Ойлағандарын іске асыра алмаған олар үйдегі екі қымбат телефонды, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдарды, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен. Шығын көлемі - 22 млн теңге. "Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі - 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды". Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.