"Үйге өз адамымыз келді": ұлын екінші рет үйлендірген Ұлықпан Жолдасов пен жұбайы келіні жайлы айтты

 Танымал композитор әрі әнші Ұлықпан Жолдасовтың ұлы биылғы жылдың наурызында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында келіні жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Бағдарлама барысында композитордың жұбайы Айған Жолдасова келін түсіргелі қолының ұзарғанын айтып, жан сырын ақтарды."Келін түсіріп, қолымыз ұзарып, жүгіміз жеңілдеді. Достарымыздың тәрбиелі келінін, жақсы қыздарды көргенде әрқашан армандап, қызығып жүретінмін. Қол ұзарды деген келінді жұмсап қойып отыру емес. Көңілде бір тыныштық, қуаныш пайда болды. Серуенге келінім мен қызым Фаридамды алып шығып, сырласамыз. Келініміз де өнер адамы, альтист. Негізі Түркістаннан. Бірақ 1994 жылдан бері Алматыда тұрады екен. Астана операсында жұмыс істейді. Ол да классикалық музыка шығарады. Магистратура бітірген. Докторантураға түссем деген арманы бар. Ұлықпан екеуінің әңгімесі жарасады. Шай ішкенде мен жайлап өз шаруаммен кетіп қаламын. Өздері әңгімелесіп отырады. Үйге өз адамымыз келді деп ойлаймын", - деді Айған Жолдасова.Ал Ұлықпан Жолдасов келін түсіргелі бұрынғы әдеттері өзгергенін жеткізді."Бұрын басқа қалаға кетіп қалсақ, үйді уайымдайтынбыз. Көбіне Болат үйде қалатын. Сол кезде "Болат не істеп жатыр екен" дейтінбіз. Қазір рахат. Құдайға шүкір, ештеңені уайымдамайсың. Себебі, үйде қарайтын адам бар. Майка-шортымен жүру қалды. Трико-футболкамен жүреміз. Шарт-шұрт мінезді жайлап тоқтатып жатырмыз. Әңгімеміз өзгерді. Өзімізше, өнегелі болып жүрген сияқтымыз", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өзбек боксшылары Абылайханды чемпион атандырмады
Абылайхан Жүсіпов те өзбек боксшысынан жеңіліп, Азияның күміс жүлдесін алды
«Балаларымды анасынан айырдым». Темір торға тоғытылған ер адам өкінішін айтты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді