«Үйіміз құлап қала ма деп қорқамыз!»,- тұрғын

«Үйіміз бір күні құлап қала ма деп қорқамыз!» Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде халық осылай деп шу шығарды. Олар мүлік иелері бірлестігінің жұмысына шағымданды. Айтуларынша, жер асты көлік тұрағы апатты жағдайда. «Ал үйдің қасбеті опырылып жатыр» дейді. Мүлік иелерінің бірлестігі бұған не дейді? Мәселенің жай-жапсарын тілшіміз айтады. «Сырты бүтін, іші түтін». Елорданың қақ ортасында жалтырап тұрған Гранд Астана тұрғын үй кешенінде мәселе шаш етектен. Тұрғындар 2007 жылы пайдалануға берілген үйдің әбден тозығы шыққанын айтып налиды. Үйдің іші-сыртындағы қабырғалар опырылып, кіреберістегі баспалдақтар қирап жатыр. "Ал жағдайды түзеуге мүлік иелерінің бірлестігі асығар емес" дейді олар. Бақыт АДИМОЛДАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Мына бұзылып жатқан үйді одан сайын бұзды. Ешқандай жұмысын жасаған жоқ. Қыста суды өшіріп тастайды, ыстық суды өшіріп тастайды, светті өшіріп тастайды. Жиналыссыз целевой сбор жинайды. Ешқандай ведомостьсіз әшейін қолға жинап алды. Ол не деген сұмдық? Ал жер асты көлік тұрағының жағдайы, тіпті, мүшкіл. Тұраққа көлігін қою үшін әр адам 6 мың теңге тапсырады. "Бірақ осыған дейін оң өзгеріс, нәтиже көрмедік" дейді. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:Мына жер құдды бір қорқынышты фильмдердегі көрініс сияқты. Бірақ бұл – түсірілім алаңы емес. Бір кездері элиталы болып саналған тұрғын үйдің көлік тұрағы. Тұрақтың жағдайы жаға ұстатады. Қабырғалар қақырап жатыр, төбеден су тамшылап тұр. Амал қанша, басқа орын болмаған соң, тұрғындар көліктерін осында қоюға мәжбүр. Өткен жылы тұрғындардың бір бөлігі жиналыс ұйымдастырып, мүлік иелері бірлестігінің жаңа төрағасын сайлады. Алайда тұрғын үй кеңесінің өкілдері сотқа жүгініпті. Сот жаңа төрағаның сайлануын заңсыз деп таныған. Арман МАКИШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:2024 жылдың қаңтарында ауданаралық сот хаттамаларымызды жоққа шығарды. Сөздерінше, жиналысты МИБ төрағасы ұйымдастырып, жаңа төрағаны өзі тағайындау керек екен. Заңда, керісінше, тұрғындар жиналысқа бастамашылық жасаса, онда олардың өздері оны жүргізуге және кез келген күн тәртібін қоюға құқылы емес пе? Сонда 300-ге жуық тұрғынның дауысын елемегені ме? Ал жауаптылардың өз уәжі бар. Міндетімізді мінсіз атқарып отырмыз дейді. Сөздерінше, тұрғындардан жинайтын 35 теңге көлеміндегі тариф ағымдағы шығындардан артылмайды. Ал көлік тұрағының осындай күйге түскеніне құрылыс компаниясы кінәлі екен. О баста тұрақтың құрылысы аяқталмай, үй пайдалануға беріліпті. Қазір құрылыс компаниясы банкрот деп танылған. Гауһар АБИРБЕКОВА, ТҰРҒЫН ҮЙ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:Тұрғындардың кейбірі қаражат тапсырмайды. 13 млн теңге қарыз бар. Ал есепті міндетті түрде хабарландыру тақтайшасына іліп қоямыз. Тарифтерді көтергеніміз жоқ, минималды көлемде. 2 жыл ішінде 32 жылу алмастырғыш ауыстырдық. Ол арзан тұрмайды. Біздің әдейі суды өшіріп тастайтынымыз жалған. Ондай мүмкіндігіміз жоқ. Мен де осы үйдің тұрғыны болғандықтан, оның көркеюін қалаймын. Тұрғын үй айналасындағы дау-дамай күннен күнге шиеленісіп барады,әзір басылатын түрі жоқ. Енді бұл мәселені сот шешпек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті