Қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылдыҚазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан жерлесіміздің денесін тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады. «Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды», – делінген хабарламада. Құтқарушылардың жұмысына көптеген үйінді, тұрақсыз құрылымдар қиындық тудыруда. Соған қарамастан қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін біздің құтқарушылар осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын. Айта кетейік, қазір Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 014, жараланғандар саны 63 794-ке дейін жетті.