Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы салдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкен жерге келді.Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді. «Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Үйде болған адамдарды іздеу бойынша жұмылдырылған топтың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет»,- деді Ерболат Досаев.Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.Әкімнің тапсырмасы бойынша, болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.