"Үйіндіні 20 сағат қаздық, астынан 3 адам шықты", - Түркиядан оралған құтқарушы

«Шетелдіктерге қарағанда біздің құтқарушылар тәжірибелі болды». Түркиядағы жойқын жер сілкінісі кезінде қызмет еткен алматылық құтқарушы Ерлан Өтемұратов осындай ой түйді. Газиантеп қаласында 12 күн бойы адамдардың өмірін сақтап қалуға тырысқан құтқарушымен Мөлдір Жақан тілдесті.Ерлан Өтемұратов – 38 жаста, көпбалалы әке. Құтқарушы қызметінде жүргеніне биыл 8 жыл. Ол өз жұмысына аса сүйіспеншілікпен қарайды. Айтуынша, құтқарушы болу - бала кездегі арманы. Ерлан Өтемұратов Газиантепте жер сілкінісінен зардап шеккен 4 объектіде жұмыс атқарды. «Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Бәріне дайын болдық»,- дейді ол. Ерлан ӨТЕМҰРАТОВ, ҚҰТҚАРУШЫ: Екінші объектімізден тірі шықты. 20 сағаттай қаздық қой оны. Бәріміз ауысып қазып шықтық қой. 20 сағаттан кейін шықты примерно 3 адам. Әкесі баласын күтіп тұрған, шешесі баласын күтіп тұрған, тірі шығады деп үмітте тұрған. Соларға қарап жүрек ауырады енді. Біз қарап тұрмыз уже, тірі шығатын возможность та болмай тұр. Мыжылып қалған бәрі. Біз қанша уақыт жұмыс істедік, олар сонша уақыт күтіп тұрды ғой сол жерде. Құтқарушыларға 16 сағат жұмыс істеп, 8 сағат демалысқа берілген. Алайда, «тіпті, демалуға да дәтіміз бармады»,- дейді Ерлан Өтемұратов. Сөзінше, амалы қалмаған халық тірі адам түгіл, туған туысқандарының өлі денесін көргеніне де қуанған. Қазақстандық құтқарушылар ерекше тактикаларымен көзге көрініп, адам денесінің бөлшектенуіне жол бермей, әр марқұмның арулап көмілуіне жағдай жасады. Мұның бәрін олар елде күнделікті оқу-жаттығулар барысында үйренген. Ерлан ӨТЕМҰРАТОВ, ҚҰТҚАРУШЫ: Ана жердегі жұмысты көрсеңіз, демалғың да келмей қалады. Халық күтіп тұр, демалып жату ыңғайсыз болады. Әйтеуір, бір сағат-екі сағат көзіңді жұмып аласың да, қайтадан тұрасың. Басқаларға қарағанда біздің адамдардың опыттары көп секілді болды. Олар, өйтені, бізден кеп сұрайды ақылдарын. «Мәйітті көріп қалдық, қалай шығарса болады» деп бізден кеп сұрайды. Біз қалай айтамыз, солай істеп, бізге қарап тұрады, көбінесе. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қазақстандық құтқарушылар 7 адамды аман алып қалып, 100-ге жуық адамның мәйітін алып шықты. Құтқарушылардың еңбегі- ерен. Күніне оларға түрлі шақыртулар келіп түседі. Қызметкерлер бастарын қатерге тіксе де, тез арада жиналып, апат орнына асығады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Каспийдің» экс-басшысы деструктивті діни ағым өкілдерімен байланыста болды деген күдікке ілінді
Жаңа жылда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
2024 жылдың үздік спортшысы мен бапкері анықталды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды