Қазақстандық футболшы Дінмұхамед Қашкен мен блогер Мерей Әбілова жақында шаңырақ көтеріп, Мерей ұясынан ұшып, дүркіретіп ұзату тойын жасаған еді. Мерейді Тараздан Алматыға футболшы ұшақтың бизнес-классымен алып кеткен көрінеді. Мерей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бұл туралы сурет жүктеп, оқырмандарымен бөлісті.«Құшақ жая қарсы алған жаңа Отбасым! Алматыға барлық жағдайы жасалған ұшақпен жеттік! Бәріне Аллаға шүкір!», – деп жазды ол. Мереймен бірге жеңгесі мен сіңлісі еріп барды. «Бұл жеке ұшақ па?», «Мынау не деген сері жігіт! Қыздар, осындай жігіт табыңдар», «Ұзатудан тек жеке ұшақпен алып кететін жігіт бұйырсын», «Керемет, бақытты болыңыздар!», «Жұғысты болсын», «Қызыма жұғысты болсын», – деп жазды желідегілер.