Алматы облысы Ұзынағаш ауылында бірнеше ауланы су алды. Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Наурызбай батыр көшесінде ауланы су басқаны туралы хабарлама түскен. Бұл жерге Ұзынағаш ауылының №4 өрт сөндіру бөлімінің жедел тобы аттанды.Ауыл көшелерін су басу жеке тұрғын үйлердің көше бойындағы арық жүйесін тазартпағынының салдарынан орын алды, арықтар қоқыс пен қарға лық толы болған. Ауласына су кірген тұрғындар әлеуметтік желілерге видео таратты. «Міне, жаңадан салынған көпірдің пайдасы. Не адам жүре алмайды, не мал өте алмайды. Ешқандай әрекет жасалмаса бір сағатта мына көшені су басады. Суды көріп тұрсыздар, лас, батпақ», - деп шағымданды видео авторларының бірі.