V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты.Бүгіннен санап бастасақ, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды. Жиынға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты. Салтанатты рәсімді ашқан Мәжіліс спикері жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны түркітілдес халықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударған байрақты бәсеке екенін атап өтті. Сондай-ақ Ерлан Қошанов қазіргі уақытта елімізде әлемдік жарысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Осы дүбірлі жарысты Қазақстанда абыроймен өткізу – баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл доданы жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Біз Көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты деңгейде өткіземіз деп зор сеніммен айта аламын. Бұл сайыс бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді. Елдеріміздің арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мәжіліс спикері. Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады. Салтанатты рәсімнен соң меймандар «Наурыз мейрамы Астана 2024» қолөнершілер жәрмеңкесін аралап, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді