V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты.Бүгіннен санап бастасақ, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды. Жиынға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты. Салтанатты рәсімді ашқан Мәжіліс спикері жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны түркітілдес халықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударған байрақты бәсеке екенін атап өтті. Сондай-ақ Ерлан Қошанов қазіргі уақытта елімізде әлемдік жарысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Осы дүбірлі жарысты Қазақстанда абыроймен өткізу – баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл доданы жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Біз Көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты деңгейде өткіземіз деп зор сеніммен айта аламын. Бұл сайыс бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді. Елдеріміздің арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мәжіліс спикері. Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады. Салтанатты рәсімнен соң меймандар «Наурыз мейрамы Астана 2024» қолөнершілер жәрмеңкесін аралап, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытайда ҚР Ұлттық музейі қорының көрмесі ашылды
Найзағай және бұршақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда құрылыс жұмысын бастауды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Алматыда бизнесті заңсыз тексерген мемлекеттік қызметкер жазаланды
Министр тәртіп бұзғаны үшін тергеуге алынды
Астанада әскери бөлімнің жас сарбаздары ант қабылдады
Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық сыйлық тағайындауды ұсынды
Су тасқыны: Құлсарыда 150 үйдің құрылысы басталады
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң көптеген олқылықтың орнын толтырады - депутат
Mass Alert жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін Алматыда пилоттық режимде іске қосылады
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
Alatau Hub: Алматы облысында IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі
Қарасор өсірген елордалық сотталды
Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінді
ҚазҰУ-ға Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері жұмыс сапарымен келді
Қазақстандықтардың мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды – министрлік
Қайраттың әндеріне – 1 миллион, Шәмшінің хиттеріне – 22 мың теңге: композитордың келіні өкпесін жеткізді
Астана тұрғындары қарасораны заңсыз өсіргені үшін сотталды
Швейцария Қазақстанға озық еуропалық технологияларды тартуға жәрдемдесуде
Павлодар тұрғыны қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін жазаланды