Вьетнамда «маймыл шешегі» адамнан адамға жұғып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 25 жастағы ер адам 17 қыркүйекте өзін нашар сезініп, дәрігерге көрінген. Тексеруден кейін оған «маймыл шешегі» диагнозы қойылды. Артынан, дәл осындай белгімен ерікті жігіттің, танысы ауруханаға түскен. Екі науқас та карантинге жіберілді. Олар тұрған үй дезинфекцияланды. Айта кетейік, былтыр шілдеде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы «маймыл шешегін» қауіпті жұқпалы аурулардың санатына жатқызды.