Вьетнамда су тасқынынан кейін мыңдаған үй су астында қалды

Туристер арасында танымал әрі дүниежүзілік мұра нысаны саналатын Вьетнамның ежелгі Хюэ қаласы сәрсенбі күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан су астында қалып, мыңдаған үйді су басты, деп хабарлайды Астана телеарнасы CNA агенттігіне сілтеме жасап. Мемлекеттік БАҚ-та жарияланған суреттерден тұрғындардың су басқан көшелермен қайықпен жүріп, үйлер мен көліктердің жартылай су астында қалғанын көруге болады. - Бүкіл қаланы су басып қалды, сейсенбі күнгі жаңбырдан бері су деңгейі өте тез көтеріліп жатыр, - деген қала тұрғыны электр қуатының өшірілгенін айтты. Дүйсенбіден бері толассыз жауған жауыннан жағалаудағы бірнеше провинция тұрғындары да зардап шекті. Орталық провинциядан 2000-нан астам адам эвакуацияланды. Үш адам із-түзсіз жоғалған. Вьетнамның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын ұлттық тас жолдың кейбір учаскелері де су тасқынына байланысты жабылды. Синоптиктердің болжауынша, су деңгейі тағы екі күн бойы жоғары болуы мүмкін. Ресми статистикаға сәйкес, биыл Вьетнамда табиғи апаттар, соның ішінде су тасқыны мен көшкін 136 адамның өмірін қиды. Ғалымдар климаттың өзгеруіне байланысты әлемде экстремалды ауа райы оқиғалары күшейіп бара жатқанын ескертті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Бүгін ішкі істер органдары қауіпсіздік жұмысын күшейте бастады
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты