Редакциямызға Астана қаласының тұрғыны Ғалия Нургузова хабарласты. Айтуынша, ол виллебранд ауруына шалдыққан. Ал елімізде бұл сирек кездесетін дертті емдемейтін көрінеді. Тіпті дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетуге де құлықсыз дейді. Ақ халаттылардың өзі үрке қарайтындай бұл қандай дерт болды? Тілшіміз Дәрібек Бахытбектің бейнематериалы.Ғалия Нургузованың виллебранд ауруымен күресіп келе жатқанына 20 жылға жуықтаған. Ол бұған дәрігерлерді кіналайды. Айтуынша, еміне қажет дәрі жарты миллион теңге тұрады. Ал, министрлік науқастан бас тартты , енді қазір өзім ел аралап ем алуға мәжбүрмін дейді. Ғалия НУРГУЗОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Москваға барғанда профессорлар көрсетті, өздерінің гемофиликтерін, олар мен сияқты шырылдап жүрмейді. Оларда холодильник, ішінде катетрлары бар например мен бір жерде қанап қалсам, оларда мынадай катетрлар бар. Отдельно береді. Отдельно беретін пластырлары бар. Синяк болмасын. Бізде ондай берілмейді. А вообще поликлиника оны істеуге бесплатно істеуге. Ал оны маған бесплатно істемейді. Енді кеше бардым, маған милиция вызывать етті. Чо приходишь дейді маған. Енді қазір поликлиникам жоқ. Дәрігерлер виллебранд ауруының өте сирек кездесетінін айтады.Әлем жиілігі бойынша 1 миллион адамның 3-еуі осы дертке шалдығатын көрінеді. Айзат САРХАНОВА, ГЕМАТОЛОГ ДӘРІГЕР: Бұл өмір бойы жалғасатын ауру. Бұл аурудың белгілері ол тамырлы тромбоциттік және гематомдық қан кету. Бұл белгілер әртүрлі болу мүмкін. Кездейсоқ мұрыннан қан кету мүмкін. Себепсіз денеде бір гематомалар қанталаулар пайда болу мүмкін. Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 174 адам виллебранд ауруына шалдыққан. Оның 95 ересек, қалғаны -кәмелет жасқа толмағандар. Ал, жыл сайын бұл дерттен орта есеппен 4 адам көз жұмады. Ауруды асқындырмаудың жалғыз жолы бар. Ол - уақытылы ем қабылдап, салауатты өмір салтын ұстану. Ең бастысы ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік... Д. Оңласын