Волонтерлер 6,6 мың тонна гуманитарлық көмек жинады

«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Гүлжәмилә Қамарова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесу жұмыстары жайында баяндады.«Қазіргі кезде «Ұлттық волонтерлік желі» еріктілер жасақтарын жалпы үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, сондай-ақ аймақтық фронт-офистер және жергілікті серіктес ұйымдар арқылы ақпарат алынып отыр. Бірыңғай байланыс орталығы да (+7 708 706 4242) зардап шеккендерге көмек көрсетуді және жалпы үйлестіруге арналған. Ол бойынша барлығынан, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерден өтініштерді қабылдаймыз. Сонымен қатар, қазір тегін заңгерлік қызмет көрсетуді бастадық», - деді Г. Қамарова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. Бұл тұрғыда ол тиісті консультацияны аталған байланыс орталығынан алуға болатынын нақтылады. «Жалпы республика бойынша жағдайға тоқталсақ, қазір 43 мыңнан астам волонтер мен жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер жұмылдырылған. Республиканың 16 өңірінде жұмыс істеп жатқан гуманитарлық көмекті жинау және жөнелту жөніндегі штабта су тасқыны басталғаннан бері 6 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Соның 4 мың тоннасы зардап шеккен аймақтарға жіберілді. Еріктілер жергілікті атқарушы органдармен – әкімдіктермен, төтенше жағдайлар департаменттерімен тығыз байланыста қызметін жалғастырып жатыр», - деді Гүлжәмилә Қамарова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Молдова Кубогінің үздік сұрмергені «Ақтөбе» жейдесін киеді
Ұшақ апатынан кейін аман қалған ер адамның әйелі де тірі қалған
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Оқушылардың қысқы каникулы басталды
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Ауа райына байланысты Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Конституциялық сот: Шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңға сәйкес қаралуы керек
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды