«Жастар Рухы» Батыс Қазақстан облысының волонтерлері су тасқыны басталғалы зардап шеккен тұрғындар мен судың алдын алуға жан-жақты көмек көрсетуде.Халықты қауіпсіз орындарға көшіру, суды бөгеттеу, өзен деңгейінің көтерілуіне тосқауыл қою, гуманитарлық көмек жинап, үлестіру, құтқарушыларды ыстық тамақпен, шаймен қамтамасыз ету, суға бату қаупі бар үйлердің маңын қардан тазарту. Осының бәрі волонтерлердің көмегімен жасалып жатыр.Қарғын судан зардап шеккен азаматтарды эвакуациялау үшін 500 орын дайындап, оларды көшіру жұмыстарына атсалысты.Қазіргі таңда су деңгейінің көтерілмеуі үшін дамбалар салуда. Волонтерлердің қатарында белгілі жұлдыздар да бар.