«ВОСХОЖДЕНИЕ ПО НИСХОДЯЩЕЙ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Даму күні» шарасы аясында тарихшы, «Восхождение по нисходящей» кітабының авторы Нұртай Агубаевпен кездесу өтті.Шара барысында автор ақпарат ағыны қарқынды болып тұрған шақта сананың фрагменттелуіне жол бермеудің, әлеуметтік роботтандырудың құрбаны болмаудың жолдарын, ұнамды философия мен шынайы философияның арасында таңдауды қалай жасау керек екенін түсіндірді. Өмір адамзатқа қандай сабақ беретіні және неліктен саналы диалог кеңістігі қызу пікірталас алаңынан маңыздырақ және қызықтырақ екені туралы айтты. Одан бөлек басқа да идеялық-философиялық мәселелерді көтерді. «Кітап Қазақстан үшін көркем жанр, публицистика және зерттеу синтезіне негізделген мемуаристиканың жаңа түрін ұсынады. Онда «тағдыр» ұғымының өзіндік интерпретациясы берілген, ал өмір тарихы адамның өзіндік «Меніне» баса назар аудармай, қоршаған әлемді түсіну призмасы арқылы берілген», – деді Академия Қолданбалы зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұртай Агубаев. Нұртай Агубаевтың шығармасында көп жыл бұрынғы және жақында болған оқиғаларға байланысты көптеген тың материал жазылған. Автор бұрынғы КСРО халықтарына тән «катастрофиялық сана» және болып жатқан өзгерістерді түсінбеушіліктен туындаған «конфликттік ойлау» сияқты ұғымдарды түсіндірді. Болашақ мемлекеттік қызметшілерді ерекше қызықтырған тақырып «бюрократиялық ритуализм» және оның салдары болды. Айта кетейік, «Даму күні» шарасы аясында Академия білім алушылары мен қызметкерлерінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін дамыту мақсатында әртүрлі саладан спикерлер шақырылады. Заманауи технологияларға тәуелді, кейбір дағдыларды және жанды қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін жоғалтып бара жатқан жастар үшін мұндай кезесулер өте маңызды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады