Бүгін баскетболдан ВТБ бірыңғай лигасы аясында «Астана» Санк-Петербургтің «Зенит» командасына қонаққа барады, деп хабарлайды Bassport.kz.«Зенит» - «Астана» кездесуінде паркетке шығатын ықтимал құрам: «Зенит»: Фрейзер - Курич, Вольхин - Зубков, Хантер «Астана»: Канкел - Джонсон, Щербак - Хаасе, Хэмм. Статистика: «Зенит» осы маусымдағы матчтарының 70 пайызын жеңді, «Астана» маусымдағы кездесулерінің 53 пайызында қарсыласқа есе жіберген. «Астана» соңғы ойында «Нижний Новгородтан» 92:61 (22:29; 20:16; 21:11; 29:5) басым түскен. Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:30-да басталады.