Маңғыстаудағы Ыбықты сайына қашап жазу жазып, кейін кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манат Көшербаев өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиеваның айтуынша, қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті. «Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адамға тәртіптік жаза қарастырылмады»,- деді Гүлжайна Бисенғалиева.