Ыдыс жуатын химиялық заттар да балаға қауіпті

«Бала сірке суын ішіп қойды». «Түйме, ойыншық бөлшектері, темір терсекті жұтып қойды». Соңғы кезде осындай қорқынышты деректі жиі еститін болдық. Кейбірінің соңы тіпті қайғылы жағдаймен аяқталады. Бұл жазым ба, ата-ана жауапсыздығы ма? Түркістан облысының тұрғыны Динара Қожабергеннің 3 жасар баласы ас үйде тұрған сірке суын ішіп қойған. Ойнап жүріп, шөлдеген бүлдіршін оны су деп ойлапты. Динара ҚОЖАБЕРГЕН, АТА-АНА: Химиялық заттарды барынша үйде ұстамауға, ұстаған жағдайда да тек жоғары сөрелерде ұстауын кеңес беремін. Өйткені, біздікіндей жағдай болса өте ауыр, балаға да ауыр, қиын бала тамақ та іше алмайды. Көз алдыңда бала тамақ іше алмай, қақалып, тұншығып жатқан кезде ішкі күйді айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай жазатайым жағдай балалардың қараусыз қалған уақытында немесе көз бен қастың арасында ойламаған сәтте болады. Сондықтан мамандар ата-аналар барынша сақ болса дейді. Раушан АРМАНҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Балалардың ағзасына түскен заттар, яғни ойыншық, тиын жұтып қою секілді 180-нен астам оқиға тіркелген. 2021 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары. 1500-ден астам күйік жарақаты тіркелсе, оның ішінде 945 бала амбулаторлық деңгейде ем алған. Ал 650-ге жуық бала ауруханаға жатқызылған. Ыдыс жуатын химиялық заттар да балаға қауіпті. Түймедей батарейканы жұтып қоятындар да аз емес. Ол ағзада бір күннен артық қалса, түскен жерін тесіп кетеді, дейді дәрігерлер. Ауруханаға түскендердің 30 процентіне күрделі операция жасалатын көрінеді. Ал кейбірінің соңы өкінішке қарай, қайғылы жағдаймен аяқталады. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түсетіні белгілі болды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жол қашан жөнделеді?
Teez: қазақстандық жаңа маркетплейс туралы не білеміз?
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Үш рет аукционға шығарылған Қостанай әуежайы сатылмайтын болды