Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz. Қазақстандық теннисші ширек финалда жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Татьяна Мариямен ойнады.Бірінші партияны қазақстандық спортшы өз пайдасына аяқтады – 6:4. Екіншісінде тай-брейкте қарсыласы есе қайырды – 6:7(6:8). Ал үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші германиялық теннисшіні 6:0 есебімен жеңіп, матчта жеңіске жетті.Бәсеке барысында Юлия Путинцева 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Татьяна Мария 6 эйс және екі қос қате жасап, 11 брейк-пойнттың тек екеуін сәтті орындады.