Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның өмірінің соңғы жылдарындағы естеліктермен бөлісті

Белгілі саясаткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында бұрынғы күйеуі өмірінің соңғы жылдары сырқаттанып қалғанын, қызы Құралайдан кешірім сұрағаны жайлы айтып берді.“Зәкең Мақпалға кеткеннен кейін мен оны теледидардан ғана көріп отырдым. Теледидарға шығып, есеп беретін еді. Ұлы Қайратқа әкесінің жанында болсын деп тапсырдым, Құралай сирек баратын, тек туған күнінде. Ол кісінің қан қысымы көтеріліп кетеді, біреуге ренжісе жүрегі ауырып қалатын. Ана жақтағы өмірінің қандай болғанын естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ. Сондықбай байқа деп айтып жүретінмін. Кісі қолынан кететінін қайдан білейін. Солай Қайрат әкесіне барып тұрды. Өмірден өтер кезде Құралайдың тігін шеберханасына барып, қызынан кешірім сұрады. “Қызым, мен жақсы әке болдым, ба, жаман әке болдым ба? Мені кешір” деген екен. Құралай денсаулығын сұрағанда: “Денсаулығым нашар, қызметімнен түстім. Менің өмірім қызмет еді” деп жауап берді. Қызым: “Әке, менімен тұр, болмаса Қайратқа қайт” деп айтқан көрінеді. Сонда “қайтам ғой” деген екен. Заманбек қызымен қыркүйекте кездескен, ал қараша айында дүниеден озды”, – дейді Нұрбике Нұрқаділова. Оның айтуынша, саясаткердің тұрған үйі Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қалған. “Мен ол кісінің өмірінің соңғы жылдары тұрған үйіне дүние салғаннан кейін ғана бардым. Луганский көшесінде орналасқан үйіне бармаппын. Ол үй қазір ана келіншекке (Мақпал Жүнісова) қалды”, – дейді саясаткердің бірінші әйелі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты