«Заң жұмыстың ашықтығына кепілдік береді»: AMANAT депутаты активтерді Қазақстанға қайтару туралы

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Марат Бәшімов өткен аптада «AMANAT» фракциясындағы әріптестері атынан Парламент қабылдаған «Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заңға қатысты сауалын жолдады. Партия алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан мәжілісмен Үкімет пен Бас прокуратураның халық үшін маңызы зор осы заңды жүзеге асыруда не істеп жатқаны туралы айтып берді, себебі заңды іске асыру тетіктерін білмейтін және түсінбейтіндер қатары әлі де аз емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Оның айтуынша, заңда активтерді қайтарудың нақты құқықтық тетіктері қарастырылған. Ең бастысы – заң. «Активтерді қалпына келтіру жұмыстары аясында барлық ықтимал ақпарат көздері ескерілетін болады. Соның ішінде БАҚ, азаматтық қоғам және халық бар. «AMANAT» партиясының барлық ресурсы – қоғамдық қабылдаулар, депутаттармен кездесулер, Партиялық бақылау комиссиясы және т.б. жұмылдырылып отыр», - деді депутат. Марат Бәшімов заң активтерді қайтару бойынша жұмыстың ашықтығына, оның әрекетіне жататын барлық тұлғаның құқықтары мен мүддесінің әділ қорғалуына кепілдік беретінін айтады. «Активтерді қайтару туралы заң осы саладағы халықаралық стандарттарға, еуропалық конвенцияларға, Қазақстан Конституциясына сәйкес келеді. Ал заң бойынша комиссия мен қайтару комитетінің құрылуы – заңды тиімді жүзеге асырудың кәсіби талабы. Заң активтерді заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал ететін жағдайларды жояды», - деді ол. Мәжілісменнің айтуынша, заңның көптеген тұсы бар, бірақ ең бастысы – ол жұмыс істей бастады, енді қоғамдық және парламенттік бақылау қажет. «AMANAT» партиясы заңсыз капиталды қайтарудың құқықтық тетіктерін объективті түсіну үшін журналистерді жинап, өз тұғырнамасында көп жұмыс атқарды. Сондықтан жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр», – деп түйіндеді сөзін Марат Башимов. Еске салайық, биылғы 12 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы» заңға қол қойған болатын. Бұл құжат әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, сондай-ақ болашақта мұндай активтерді заңсыз иемденуге ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға арналған. Айта кетерлігі, заңды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүйелі әрі кәсіби жұмыс жүргізген «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары әзірлеген. Заңның барлық нормасы нақтыланып, іске асыруға дайын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Анна Данилина екі сетте қарсылас шыдатпады
"Али емес, жоқ". Тасйонды жеңген Холифилд тарихтағы ұлы боксшыны атады
Онлайн аударымдар тек Kaspi емес, барлық банкте бақыланады
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі