Заңдастырылмаған автокөлік жүргізушілер қандай жауапқа тартылады

Қазақстанда еш заңдастырылмаған 1,7 мың көлік айып тұрағына жіберілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтып берді.«Біз заңдастырудың 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын жарияладық. Кім заңдастыруға үлгермеді, өтінім беріңіздер, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін келіп түскен барлық өтінімдерді қарастырамыз. Әзірге 15 мыңға жуық көлікті уақытша тіркеуге алдық. Өтінім беріп үлгермегендерді де қарастырамыз және әрі қарай тіркейміз», - деді Қ. Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде. Сонымен бірге, спикер 2023 жылдан кейін әкелінген және сақтандыру мерзімі біткен, еш тіркеусіз көлік мініп жүргендердің бұл көлікті басқаруға құқығы жоқ екенін айтты. «Әкімшілік кодекс бойынша оларға алғашында 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Біз қазір осындай алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екінші рет – әкімшілік хаттама жасалып, көлік айып тұрағына қойылады. Қазіргі уақытта сақтандырусыз, сақтандыру полисінсіз, техникалық байқаусыз жүрген 2 мыңнан астам көлік иелерін анықтадық және олар әкімшілік жауапқа тартылды. Қазір 1,7 мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды», - деді Қайсар Сұлтанбаев. Айта кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге заңсыз әкелінген көлік құралдарын заңдастыру 1 шілдеге дейін жүргізілді. Бүгінгі таңда барлығы 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды. Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастыруға жатпайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Бұл заңнама бұрынғыдан өзгерек
Жайылым жерлерді кеңейту
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балалар лагерьлері лицензияланады
Еліміздің ақылы жолдарында кімдер тегін жүре алады
Дауылды ескертуді елемегендер қар құрсауында қалып қойды: 5 автокөлік тұрып қалған (ВИДЕО)
Астанада тағы бір инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
«Қар, көктайғақ, бұрқасын»: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Кеудесін ұстап, сүйіп, қылқындырған»: мұғалім 9 жасар оқушыға тиіскен
«Кеудесін ұстап, сүйіп, қылқындырған»: мұғалім 9 жасар оқушыға тиіскен
Көктемде SCAT әуекомпаниясы жаңа халықаралық рейстерді іске қосады
-20 градус аяз: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бозкілемде атой салған балуандар
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі