Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен неге ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. "Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Біз той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс", - деп жазды Заңғар Нұртас.