Заңгер мамандығын бітірген түлектердің 57 пайызы ғана жұмысқа орналасқан

Заңгер мамандығын бітірген түлектердің 57 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл тек жоғарғы оқу орнын бітірген студенттердің статистикасы. Ал колледжі тәмамдап, жұмыссыз жүргендері тіпті көп. Бұл мәселе Сенатта өткен заң білімінің сапасын арттыру тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция талқыланды. Екі мыңыншы жылдары осы мамандыққа баратындардың қатары күрт көбейді. Кейінгі 3-4 жылда 13 жоғары орнының лицензиясын қайтарып алып, олардың «құқық» мамандығы бойынша оқытуын шектедік. Себебі оларда білім сапасы төмен болды. Бірақ әлі күнге дейін көп ата-ана балаларын заңгерлік мамандыққа бағыттап жатыр. Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: Олар «заңгер болсаң, жұмыссыз қалмайсың» деген пайымда жүр. Жалпы, студенттердің 97 пайызы ақылы түрде білім алып жатыр. Талапкерлер арасында сұраныс жоғары болғандықтан, жоғары оқу орындары оларды ақылы бөлімге қуана қабылдап жатыр Марат СЕКСЕМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ: Менің ойымша, оқыту механизмін өзгерту керек. Оқу процесіне көбірек тәжірибелік пәндерді қосып, практикалық тәжірибесі бар мамандарды оқытуға шақырту керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жұмысшылар үшін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламалары іске қосылады
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
АЭС: Колледждер базасында арнайы мамандықтар ашылады
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
Анастасия Городко алтын алды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Жол инфрақұрылымын дамыту депутаттардың бақылауында
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Ақтауда ұшақ шұғыл қонды: бортта қазақстандық футболшылар болған
Ішінде қазақстандық футбол командасы болған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Астанада алдағы демалыста жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді
Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Жұмысшы мамандықтар жылы: Қарағанды колледждерінде гранттар саны артуда