Зардап шеккендер назардан тыс қалмайды-Шахаров

Асхат Шахаров бүгінгі күнгі су тасқынына қатысты облыстағы ахуалды хабарлады. Ол  әлеуметтік желідегі парақшасында  табиғаттың тілсіз апаттарына ешкім тосқауыл бола алмайтынын жазды.  Сондай-ақ жауын-шашын болуы жағдайды қиындатқанын атап өтті. Тұрғындарға алғысын білдірген облыс әкімі аймақта материалдық шығынды есептейтін комиссия құрылғанын, зардап шеккен бірде-бір ақтөбелік назардан тыс қалмайтынын да жеткізген. Қазіргі уақытта аймақта су шайған жолдар, көпірлер мен өткелдер, су басқан үйлер мен аулалар бар. Кеше аудандарға барып келдім, бүгін қаланы аяқтай жүріп қарап шықтым. Материалдық шығынды құрылған комиссия анықтайтын болады. Тұрғындарымызға сабырлықтары үшін алғысымды білдіремін. Ешбір адам назардан тыс қалмайды, - деп атап өтті өңір басшысы. Қазіргі уақытта қала және 12 ауданның әкімдері, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әскери құрылымдар, полицейлер күндіз де, түнде де жұмыла жұмыс істеп жатыр, күшейтілген тәртіпке көшірілген. Олар атқарылған шаруаларды өз деңгейінде БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отыр. Су тасқынына қарсы штаб, Ахуалдық орталықтағы операторлар тәулік бойы ақтөбеліктердің қоңырауына жауап беріп отыр, тиісті көмек көрсетуде. Асхат Шахаров осындай сын сағатта ақтөбеліктерді сабырлыққа шақырып, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. Әрқашан халықпен бірге екенін тілге тиек етті.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Депутаттар Жаңаөзендегі гибридті электр стансасының құрылысымен танысты
Калашников, мылтық, граната: «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қанша қару табылды
Қазақстанда соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтың 600-ден астам мүшесі сотталды (ВИДЕО)
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
Анастасия Городко алтын алды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Жол инфрақұрылымын дамыту депутаттардың бақылауында
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Ақтауда ұшақ шұғыл қонды: бортта қазақстандық футболшылар болған
Ішінде қазақстандық футбол командасы болған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Астанада алдағы демалыста жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді
Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Жұмысшы мамандықтар жылы: Қарағанды колледждерінде гранттар саны артуда