Зауытта жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған ақтөбелік 17 млн теңге өндіріп алды

Ақтөбедегі зауытта 25 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, екі өкпесінің бірінен айрылған ақтөбелік жұмысшы 17 млн теңге өндіріп алды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. Ақтөбе қалалық сотында жұмысшының жұмыс берушіден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, талап қоюшы 25 жылдан астам уақыт бойы зауыттп еңбек еткен. Тараптар арасында еңбек келісімшарты бұзылған. Өндірісте, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкер ауруға шалдығып, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан. 2021 жылы онкологиялық ауру анықталып, Санкт-Петербург қаласында ақылы ота жасалып, бір өкпесінен айырылды. Оған ІІ топтағы мүгедектігі берілді. - Қызметкер кәсіптік ауруға шалдыққанында жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталған, жұмысшының еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 89%-ды құрады. Азаматтық кодекстің 931-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкер кінәсінің дәрежесіне қарамастан, қызмет айналасындағылар үшін қауіптіліктің жоғарылығымен байланысты заңды тұлға ретінде талап қоюшының денсаулығына келтірілген моральдық зиянды өтеуге міндетті. Сот онкологиялық ауруын, өмірлік маңызы бар мүшесі, яғни, өкпесінің алынғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі секілді асқынулардың пайда болуын, қазіргі таңда талап қоюшы басқа адамдардың көмегіне мұқтаж екенін ескерді. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына 17 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіру міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі