Зайсан көлінде суға батып бара жатқан балықшылар құтқарылды

Зайсан көлінде құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарып қалды.Облыстық ТЖД мәліметінше, 13 сәуірде Зайсан көлінде, Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жерде екі балықшы жұқа мұз бетіне шығып, кешқұрым уақытта қайтып келе жатқан кезде мұз бөлініп кеткен. Соның салдарынан 500-800 метр қашықтықта тас қараңғылықта, жағадан жырақта қалып қойған. «Қараңғыда балықшылардың көмек сұрап айқайлаған даусын естіген, бірақ олардың нақты орналасқан жерін көрмеген жергілікті тұрғындар келеді. Мұзда қайықпен жүру мүмкін емес еді, ал жаяу жүру қауіпті болды, аяқ астындағы мұз жарылып жағдайды ушықтыра түсті. Тұрғындар құтқарушылардан көмек сұрады», - делінген хабарламада. Оқиға орнына Күршім бөлімшесінің құтқарушылары келіп, резеңке қайықтың көмегімен көмекке шықты, ал жергілікті тұрғындар жақын маңда қайықтарымен жүрді. Сонымен қатар Өскеменнен ШҚО ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары су мен батпақты жерлерде жүруге қабілетті, өтімділігі жоғары «Шерп» автокөліктерімен жолға шықты. «Мұзды айналып өту үшін қайықты шебер басқарып, жағдайды ушықтырмай апатқа ұшыраған ер адамдарға жақындау керек болды. Бірнеше сағат күту қажет болды, ал бұл кезде балықшылар жұқа мұзда қалып, тоңып, әлсірей бастады. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекетінің арқасында 1979 және 1978 жылы туған балықшыларға қайықпен аман-есен жетіп, құтқару кеудешелерін кигізіп, оларды жағаға шығарды», - делінген хабарламада. Балықшыларды тексергеннен кейін оларға медициналық көмек қажет болмады. Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Балықшылар айтқандай, олар таңертең ерте мұз бетіне шығып кеткен, ал кешке жағаға оралғанда мұз жағадан бөлініп кеткен.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты