Қазақстанда жылына 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады. Химиотерапия науқастардың тек 23%-на ғана көмектеседі. Мамандар қауіпті дертпен күрестің сан әдісін қарастыруда. Соның бірі секвенирлеу әдісі елімізде 6 жыл бұрын тәжірибеге енгізілді. Секвенирлеудің сезімталдығы мен ерекшелігі -95%. Барлық генетикалық өзгерістерді және препараттарға резистенттіліктің даму қаупін ескеріп, әрбір нақты науқастың ісігін талдау, белгілі бір мутацияларды анықтау ісікке қарсы терапияны тиімді таңдауға және жүргізуге мүмкіндік береді.Емнің тиімділігі айтарлықтай артады. Теріс нәтиже алу қаупі азаяды, ал бұл өз кезегінде тиімсіз препараттардың санын азайтуға септігін тигізеді. Жанна ЖАБАКОВА, ДӘРІГЕР – ГЕНЕТИК: Самотикалық жасуша, толық организім. Бұл өкпе, ми, тері болуы мүмкін. Айтып өткен органдарда мутациябелгілері болса, ол қатерлі ісіктің дамуына түрткі болады. Емдеуді жобалау үшін қатерлі ісіктің мутация күйін білу қажет. Елордадағы зертханада «биочиптік» технология енгізілген. Қазір 900-ден астам генетикалық тест бар. Бұл онкологиядан бөлек, тұқым қуалайтын ауруларды жүйке және бұлшықет ауруларын диагностикалауға және қант диабетіне, бронх демікпесіне, жүрек және тамыр ауруларына бейімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Гүлшара ӘБДІЛДИНОВА, БАС ГЕНЕТИК: Біріншіден ісіктер жағдайында , біз мутацияны және препаратқа сезімталдықты анықтаймыз, препарат қандай болуы керек. Бізге Қазақстанның барлық аймақтарынан науқастар келеді. Біз мутацияларды іздейміз. Онкологиялық ісіктер бойынша хаттамаларды химиотерапевтке жіберіп, емдеуді бастаймыз. Қазір лабораторияда онкологиялық ісікті емдеудің 46 түрі жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін арнайы скирингтік тексеріс жасауды ұсынады сала мамандары. Қазақстанда скринингтік тексерістің үш түрі бар. 30-70 жастағы әйелдер жатырмойны қатерлі ісігінің скринингінен әр төрт жыл сайын өтеді. 40-70 жастағы әйелдер сүт безі қатерлі ісігіне екі жылда бір рет тексеріледі. Ал 50-70 жастағылардың бәрі әр екі жыл сайын тоқішектің қатерлі ісігіне тексеруден өтуге міндетті. 1. 30-70 жас жатырмойны қатерлі ісігі 4 жыл 2. 40-70 жас сүт безі қатерлі ісігі 2 жыл 3. 50-70 жас тоқішектің қатерлі ісігі 2 жыл