Зейнетақы қоры арқылы ипотеканы қалай жабуға болады?

Зейнетақы қоырндағы ақшамен ипотеканы жабуға бола ма? Ай сайынғы төлемдерді зейнетақы қорындағы ақшамен жабуға болады ма?Кrisha.kz-тің мәліметінше ипотека төлемдерін жеңілдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшаны қалй пайдалануға болады, тіпті ол мардымсыз сома болса да. Әрбір жас мөлшері үшін зейнетақы қорларының жеткіліктілігінің шегі белгіленеді, бұл БЖЗҚ шотында сақталуы тиіс жинақтың белгілі бір сомасы. Қордан алуға болатын артық ақшаны және тұрмыс жағдайын жақсартуға, емдеуге пайдалануға немесе инвестициялық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге болады. Артық ақшаға пәтер, үй немесе құрылысқа жер сатып алуға болады. Немесе сома жеткіліксіз болса, оны ипотека бойынша бастапқы жарна ретінде пайаланыңыз, немесе сол жерде мүлік сомасының 50 пайызын жинақтау үшін «Отбасы банкіндегі» депозитке аударыңыз, содан кейін тұрғын үй несиесін рәсімдеңіз. Несиесі бар адамдар үшін артық ақшаны ипотеканы ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуге пайдалануға болады. Ипотекалық төлемдерді зейнетақы жарналарымен жабуға бола ма? Иә. Дегенмен, қолжетімді сома ай сайынғы ипотекалық төлемнен аз болса да, артық зейнетақыңызды пайдалана аласыз. Немесе керісінше, егер артық сома үлкен болса және оны толығымен пайдаланғыңыз келмесе, бір төлемге тең соманы алуға болады. Қалған ақша зейнетақы шотында қалады. Ипотекалық несиені өтеу үшін артық зейнетақыны автоматты түрде шығаруға бола ма? Жоқ. Әр жолы БЖЗҚ-дан қаражат алу үшін жаңа сұраныс толтыру қажет. Ақша шотқа түскеннен кейін 20 күн ішінде несиені өтеуге жұмсалғаны маңызды. Банк бұл ақшаны уақытында есептен шығару үшін ақшаны алу күнін несие бойынша төлем күнімен сәйкестендірген дұрыс. Ипотекалық төлемді өтеу үшін артық соманы алу туралы өтінішті ай сайын жасауға болады. Зейнетақы төлемдерін қанша рет алуға болады? Сіз артық соманы несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін шексіз пайдалана аласыз. Салымшы БЖЗҚ-дан алынған қаражатты бір мақсатқа немесе әртүрлі мақсатқа да бағыттауға құқылы. Ипотека зейнетақы қорындағы ақшамен жабылса, пәтерді сатуға тыйым бар ма? Жоқ. Пәтерді ипотека өтеліп, пәтердегі ауыртпалық (кепіл) жойылғаннан кейін бірден сатуға болады. Туыстарының зейнетақысын ипотека төлеуге жұмсауға бола ма? Иә. Ол үшін зейнетақыны табыстау (уступка пенсионных ) жасау керек. Ерлі-зайыптылар мен жақын туыстарының зейнетақысы: ата-аналар; балалар, оның ішінде асырап алынған балалар; асырап алушылар; асыранды; аға-інілері мен апа-сіңлілері, оның ішінде туған туыстары; ата-әжелер; немерелері.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Nazarbayev University жанындағы ISSAI KAZ-LLM деген қазақ тілінің үлкен тілдік моделін таныстырды
«Қыз жетім шығар»: Жас келінді алдынан шығып күтіп алмаған әулет талқыға түсті (ВИДЕО)
Шерзаттың әкесіне қарсы қылмыстық іс қозғалды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды