Зимбабведе тырысқақ індетінен 50-ден астам адам көз жұмды

Зимбабведе тырысқақ дертінен 50-ден астам адам қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай тұрғындары дабыл қағып жатыр. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.Зимбабве астанасы Харареде тырысқақ індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қауіпті жұқпалы дерттен 150-ден астам адам қайтыс болуы мүмкін, 50 жағдайда өлімнің себебі зертханалық түрде расталды. 7 мыңнан астам адамнан ауру белгілері анықталған. «Су құбыры жүргізілмеген кенттер мен қала маңындағы жерлерде адамдар құдықтарды қоқыс төгетін ор жанынан қазған. Бұл олар тұтынатын ауыз су лас екенін білдіреді», - деді Хараре мэрі Ян Маконе. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы тырысқақ дертінің басқа мемлекеттерге өтуі мүмкін екенін ескертті. Зимбабве билігі елде тәжірибелі мамандар, дәрі-дәрмек және құрылғылар, сондай-ақ таза судың болмауы себебімен халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Дәрігерлер мен шенеуніктер қазіргі індетті 2008 жылы ауру жұқтырған 100 мың адамның 4 мыңының өмірін қиған, сонымен қатар президент Роберт Мугабені билікті оппозициямен бөлісуіне мәжбүр еткен індетпен салыстырып отыр. Зимбабве қалаларында таза ауыз судың жетіспеушілігі және қоқыс, кәріз проблемаларына байланысты тырысқақ індеті жиі өршіп тұрады. Ауру әдетте ластанған тамақ немесе су арқылы таралатын бактериядан туындайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты