Ақтөбе облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды. Оның көптеген жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып келгені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.15 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкіліне уақытша ұстау изоляторында отырған әйел хабарласқаны туралы ресми сайтта ақпарат жарияланды. Екі баланың анасы ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық жасап келген күйеуін өлтіріп қойып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. "Күдікті өзін зорлық-зомбылықтан қорғауды сұрап полицияға жүгінгенін, бірақ тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбағанын айтты. Күйеуінің кезекті агрессиясынан соң, тұрмыстық жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған", делінген хабарламада.