Құлсарыдағы су тасқынына қарсы күрес іс-шаралары тәулік бойына қарқынды жүргізіліп жатыр. Оған жергілікті атқарушы органның, полицияның, төтеншеліктердің, әскер қызметкерлері, волонтерлар тартылған. Соның ішінде Ұлттық ұлан гвардиясының 125 сарбазы жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды.