Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындарына видео үндеу жолдады. Ол ауыз судың тоқтауына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады және коммуналдық қызметтердің қазіргі уақытта немен айналысып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.