Подкаст-тайм бағдарламасы кино өндірісі тақырыбында біраз былық туралы сөз қозғады. Белгілі режиссер Рүстем Әбдірәш қазақ киносының мүшкіл жағдайына қатысты талай былықтың бетін ашты. Режиссердің айтуынша, кино қорына тендер жариялайды, ал оған кез-келген көлденең көк атты кіріп қатыса береді екен.