Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап шәкіртақы өседі.2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге ұлғайтылады. Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады. "Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды", – деп нақтылады комитет. Белгілі болғандай: бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін); магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін). Жол картасын іске асыру үшін қазіргі уақытта Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар былай ұлғаяды: жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін; жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін; Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін; интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін; магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін; докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін. Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті (ВИДЕО)
Атырауда 7 жасар қыз баланы ескерткіш басып қалды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады
"Ешкім шындықты естігісі келмейді". Бишімбаев апелляциялық сот отырысында мәлімдеме жасады
ЕО: Украина және Молдовамен мүшелік келіссөздерін ресми бастады
Алматыда жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады
Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға болмайды: Үкімет түсінік берді
Ақын Бақыт Кенжеев дүниеден озды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болды
Зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға тыйым салына ма
Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды
Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын қайта шақырды
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
ЕО Молдовамен де мүшелік туралы келіссөздерді бастады
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еуроодақ Украинамен мүшелікке келіссөздерін бастады
28 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Қытай Орталық Азия шиесін тұтынудың ең ірі нарығына айналды
Дағыстандағы лаңкестік әрекеттер: экстремистердің жаңа ұрпағы пайда болған
Алматы метросындағы ақша жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды
Жетісуда 94 медициналық нысан бой көтереді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады