Оның шеберханасына кіріп барсаңыз, қараңғылау бөлмеден төрде отырған немесе тұрған адамдардың сұлбасын байқар едіңіз. Ал жарықты қосқан кезде олар құдды тірі адамдай бір нүктеге қадала қарап тапжылмай тұрар еді. Иә, тура жанына барып қарасаңыз да дәл солай! Оларды тірі адам екен деген ойдан арыла алмай, міне-міне сізге мойнын бұрып, қолын созардай екіұдай таңданысты күй кешесіз. […]