Елге белгілі журналист Александр Аксютиц қазір «Экспресс К» тізгінін ұстаған. Газетті ғана емес, сайтты да ұршықша үйіріп отырған Аксютицтің бүгінгі медиа, баспасөз нарығы туралы айтар өз пікірі бар. Журналистің бүгінгі баспасөзге берген бағасы қандай? Біздің сұхбатымыз да осы төңіректе өрбіді. – Сіздің «Экспресс К»-ға келуіңізбен газеттің жаңа дәуірі басталды деуге болады. Себебі газет интернет-басылымға айналды. […]