Еліміз тәуелсіздігін алып, еңсесін тіктеген соң, 2008 жылдан бастап Амал тойы – ел тойы деп, Отпан таудың басында ат шаптырып, дүбірлі етіп дүркіретіп өткізу енгізілді. Отпан тау – Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте. 2007 жылы оның құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Содан бері 14 наурыз күні Қаратаудың ең биік шоқысында қалың жұртшылық жиналып, ақшаңқан үйлер тігіліп, бір-бірімен арқа-жарқа көрісіп, ұран оты жағылып, ән айтылып, күй тартылып, атап өтеді.