Қазақ тілі – жүрегіме өте жақын тіл. Неге екенін сөзбен сипаттап жеткізе алмаймын. Білмеймін, бәлкім, тумаса да туғанымдай болған, жаныма жақын қазақтармен етене араласқан соң қазақ тілі десе елең етіп тұратын шығармын. Қазақ тілін бөтен тіл деп ешқашан санаған емеспін.