Әрине, баспасөздің пайдасы − оның халықтығында, ең бастысы жұртқа керекті нәрселер жарияланып, жұрттың одан өзіне қажетті рухани азық алуында. Бұл жағынан алғанда, алғашқы қазақ оқырмандарына арналған басылым бұдан 153 жыл бұрын пайда болса да, ол мақсатты түрде елдің білімін көтеруге емес, Ресей империясының құрамындағы қазақтарды патша өкіметінің заңдарымен таныстыруға арналған еді.