Бір кезде аудармашымыз Инна Уманская келіп құшақтап: «Алмас, бүгін сенің жеке концертің болды!» — деді. Сол кезде біздің жыраулық дәстүрдің ауыл-үйдің арасындағы, бір өңір немесе ру-тайпаға тиесілі өнер емес, жалпы адамзаттың ортақ қазынасы екенін түсіндім.