Тозған инфрақұрылым мәселесі өзекті екені анық. Әсіресе, шалғай жатқан ауылдар мен моноқалалардағы жағдай шынымен алаңдатады. Кейбір аудандардың инфрақұрылымы 100 пайыз тозған. Оларды, жаңартуға, күтіп ұстауға, қызметкерлердің жалақысын өсіруге де қаражат керек. Дегенмен тұтынушылардан түскен ақша нақты осы мақсатта жұмсала ма? Кім-көрінгеннің қалтасында кетпейтініне кім кепіл?